Түркістан облысы анимациялық фильмдердің орталығына айналып келеді. Соңғы 2-3 жылдың көлемінде өңірде бірнеше тарихи тақырыптағы анимациялық фильмдер көрерменге жол тартты. 

Түркістанда жуырда әлемге әйгілі ғұлама әл-Фарабидің балалық шағын баяндайтын «Оқсыздағы оқиға» фильмінің тұсаукесері өтті. Бұл туындыда әлемге әйгілі ғұлама әл-Фарабидің білімге деген алғашқы қадамы, жаңашылдыққа деген ұмтылысы сипатталады.  Фильм «САҚ» киностудиясының өнімі. 3D форматта әзірленген фильмнің ұзақтығы – 25 минут.  Режиссері – Нуриддин Паттеев, сценариін жазған Бақытжан Құлжабай, композиторы Әйтеке Көптілеу, қоюшы суретшісі Самат Нұралиев.

«САҚ» киностудиясы өткен жылы облыс әкімдігінің қолдауымен «Күш атасы – Қажымұқан», «Отырарды қорғау», «Киелі Қазығұрт» анимациялық фильмдерін және «Көне жетігеннің сыры» атты 10 сериялы телехикая мен «Ұлы Жібек Жолы бойындағы көне қалалар» деректі фильмін, «Ордабасы – бірліктің туы» фильмдерін жұртшылыққа ұсынды.  Жақында «Түркістан» анимациялық фильмі мен «Төле би» атты 10 сериялы кинохикая да көрерменге жол тартады.

 Сонымен қатар облыста ақын-жазушылардың таңдамалы 10 кітабы шығарылды. Бұл жинақта республикаға және облысқа белгілі 22 қаламгердің шығармалары қамтылды.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.