«Алаяқтық» бабымен күдікке ілініп, Ақтөбедегі тергеу изоляторында отырған Маркс Қалымбетов сотқа наразылық ретінде аштық жариялаған. Бұл туралы 15 сәуірде Азаттыққа Макс Қалымбетовтің әпкесі Гүлжан Қалымбетова мен адвокаты Мұса Қуашев хабарлады.

Гүлжан Қалымбетованың сөзінше, бауыры Макс Қалымбетовтің аштық жариялағанына төрт тәулік болған, ол өзі мен балаларына қатысты соттың әділ еместігіне наразы.

Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі КА-168/1 мекемесіндегі тұтқын Маркс Қалымбетовтің аштық жариялағанын растамады.

— Әдетте аштық жариялағандарға департамент тарапынан психолог тағайындалады. Изолятордағы жағдайдан ең алдымен біз хабардар боламыз. Маркс Қалымбетов аштық жариялаған жоқ — деп мәлімдеді  Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Ақтөбе қалалық соты 2018 жылдық 27 желтоқсанында Маркс Қалымбетов пен оның ұлы Темірлан Ізғалиев, қызы Эмира Ізғалиеваның ісін қарай бастады. Бір отбасының үш адамы «алаяқтық жасады» деп айыпталған.

Адвокат Мұса Қуашевтің айтуынша, Темірлан Ізғалиев те сот пен тергеуге наразылық білдіріп, денесін жарақаттаған. 

Айыптау тарабы «Маркс Қалымбетов пен оның екі баласы 2017-2018 жылдар аралығында алаяқтық жасап, 11 адамға 500 миллион теңге материалдық залал келтірді» деп күдіктенеді. Тергеу материалдарына қарағанда, Маркс Қалымбетов пен оның балалары жәбірленушілерден «нарықтағы бағадан анағұрлым арзан бағаға ұялы телефондар әкеліп, бірлесе бизнес жасаймыз» деп ақша алған.

Олардың үстінен 11 адам «алданып қалдық» деп арыз жазған. 49 жастағы Маркс Қалымбетов пен оның 26 жастағы қызы Эмира Ізғалиева, 25 жастағы ұлы Темірлан Ізғалиевтің үстінен 11 адам «алданып қалдық» деп арыз жазған. Бірақ олар айыпты мойындамады.

Айыпталушылардың сөзіне қарағанда, Эмира Ізғалиева жергілікті банктердің бірінде штаттан тыс қызметкер болған. Ал оның әкесі мен інісі жеке кәсіппен айналысқан.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.