Дүйсенбі күні, 15 сәуірде, елу шақты көп балалы ана еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тағы келді. Аналардың қойған бас талабы — көп балалы отбасылардың баспана мәселесін шешу. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлады. 

Наразылар биліктен алғашқы жарнасыз үй алуға болатындай жеңілдік жасауды талап ететіндерін айтқан. Аналармен кездесуге еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова шықты. Вице-министр келген соң аналар отбасы табысын есептеу кезінде зейнетақыны отбасы кірісі деп санауға наразылық білдірді. Жақыпова аналар талабын тыңдауға уәде етіп, «қажет болса өтініштеріңізді өзім қабылдаймын» деді.     

— Тиісті заң қабылданды. Заң орындалуы үшін қажетті нормативтік-құқықтық актілер де қабылданды. Жұмыспен қамту орталықтарында құжаттар қабылданып жатыр. Комиссия қосымша құжат талап еткен жағдайлар анықталды. Бұған байланысты министрлік жергілікті атқарушы органдармен жұмыс істеп жатыр, — деді Жақыпова. 

11 сәуірде Нұр-Сұлтанда ондаған көп балалы ана наразылық танытқан. Олар алдымен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, кейін мәжіліске барды. Аналардың сөзінше, құжат қабылдайтын комиссия қосымша құжаттар мен анықтамалар талап еткен. Наразылармен кездескен Жақыпова бұл ақпаратты жоққа шығарған. 

12 сәуірде құжат қабылдау орнына барған вице-министр Жақыпова «қажет құжатты комиссия әділет министрлігіне сұраныс жіберіп, өзі алуы керек» деген. 

Қарай отырыңыз: Көп балалы аналар мәжіліске барды. 11 сәуір 2019 жыл. 

 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.