Ақтөбеде тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы қамауға алынды. КТК арнасының хабарлауынша, алаяқтық ісі бойынша айыпталған Жанаргүл ДҮЙСЕКЕНОВА тергеу жұмыстары аяқталғанша екі ай бойы абақтыда болады.

Бұл жолғы күдікті іс те сыбайластыққа байланысты. Шенеунік сыбайластарымен бірге бұған дейін отыздан астам адамды алдап кеткен. Негізінен үй кезегінде тұрған тұрғындардың кезегін алға жылжытып беруге және мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алып беруге уәде беріп, сол үшін ақша алып отырған. Қазіргі нақтыланбаған есеп бойынша күдікті жәбірленушілерден жалпы сомасы 100 миллион теңгеден астам ақша алған.

Дегенмен, күдікке ілінген бөлім басшысы мүлдем келіспейді. Ал сыбайласы ретінде күдікке ілініп отырған Гүлайым НҰРМҰХАНОВА да бұрын әкімдікте істеген. Кейін халыққа қызмет көрсету орталығына ауысыпты.

— Өзінің қызмет бабын пайдаланумен ұштасқан алаяқтық жасағаны үшін күдікті деп танылған Дүйсекенова Жанаргүл Балғазықызына қатысты екі ай мерзіміне, яғни 2019 жылдың 10 маусымына дейін күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды, — дейді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Анар Айтжанова.

Фото: inform.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.