Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Журналистика мамандығы бойынша «Ұлы дала ұлағаты» атты Республикалық пән олимпиада өтіп жатыр. Олимпиадаға Қазақстанның бірқатар қаласынан қатысушылар келіп, өзара сайысқа түсті.

Екі күнге созылатын бұл білім бәсекесіне Қазақстанда журналист мамандарын даярлайтын 17 жоғары оқу орнынан 51 студент қатысып, бар өнерлерін паш етті.

Олимпиаданы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Ахметова Гаухар Ғалымқызы  ресми түрде ашып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыстың бірінші кезеңінде әр топ өздерінің дайындаған видео-таныстыруларын көрсетті. Ал екінші кезеңде қатысушылар эссе жазып, жеңіс тұғырынан көрінуге бар күштерін салды.

«Пәндік олимпиадаға бірінші рет қатысып отырмын. «Ұлы дала ұлағаты» атты тақырып біздің тарихи танымымызды кеңейтіп, патриоттық сезімімізді оятады. Көптеген достар тауып, өзімізді кәсіби журналист ретінде сезіне бастадық», – дейді ҚазҰУ-дың 3-курс студенті Аружан Қаратаева.

Екі кезең аяқталғаннан соң, жарысқа келген қатысушыларды Павлодар қаласын аралатып, көрнекті жерлермен таныстырды. Экскурсия Ауған соғысы ардагерлеріне арналған саябақтан басталып, С.Торайғыров ескерткіші, Орталық мешітке жалғасқан жол Бұхар жырау музейінен аяқталды.

Дүлдүлдердің дүбірлі додасы бүгін өз мәресіне жетеді.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.