Бүгін, 16 сәуірде өткен үкімет отырысынан соң Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары әрі қаржы министрі Әлихан Смайылов журналистерге кезектен тыс президент сайлауын өткізуге қанша қаржы бөлінетінін айтты. 

– Үкімет отырысында сайлауды өткізуге үкімет резервінен 9,4 миллиард теңге бөлу туралы шешім қабылдадық. Аталған қаражат республика бойынша ашылатын 10 мыңға жуық сайлау учаскесінің жұмысын ұйымдастыруға жұмсалады. Учаскелерде 70 мыңға жуық адам істейді. Қаржының басым бөлігі сондағы қызметкерлердің жалақысына жұмсалады, — деді Смайылов

11 сәуірде өткен сенаттың жалпы отырысына қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов Орталық сайлау комиссиясының сайлау өткізуге 12 миллиард теңге сұратқанын хабарлаған. 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 сәуірде республикалық арналар эфирінен жасаған мәлімдемесінде Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтетін айтқан.

Қазақстан президентігіне үміткерлерді жариялау 10 сәуірде басталды. Кандидаттарды ұсыну 28 сәуір 18.00-ге дейін жалғасады. Үміткерлер 11 мамырға дейін тіркеледі. Сайлауалды үгіт-насихат тіркеу аяқтала сала басталып, сайлау күні аяқталады. 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.