Бішкекте 8 желтоқсанда Түркі тілдес мемлекеттердің парламенттік ассамблеясы кеңесінің отырысы өтіп жатыр.

Қырғызстан парламентінің баспасөз қызметі парламенттік ассамблея кеңесінің отырысы Қазақстанның ассамблеяға төрағалық жасау міндетін Қырғызстанға өткізіп беруімен басталғанын хабарлады.

Түркі тілдес мемлекеттер парламенттік ассамблеясы — Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия парламенттерінің қауымдастығы.  Бішкектегі парламенттік ассамблея кеңесіне Венгрия өкілі бақылаушы ретінде, Өзбекстан парламентінің делегациясы құрметті қонақ ретінде қатысып жатыр.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.