Қазақстандық кәсіпқой бокшы Геннадий Головкин 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden спорт кешенінде канадалық кәсіпқой боксшы Стив Роллспен кездеседі. Бұл туралы Головкин BoxingScene арнасына берген сұхбатында айтқан.

Боксшы жекпе-жек туралы Instagram парақшасында да хабарлады.

Головкиннің Роллспен кездесуі қазақстандық босшы үшін — жекпе-жектерден трансляция жасайтын DAZN стриминг сервисімен келісім аясындағы алты кездесудің алғашқысы.

Головкин арнаға берген сұхбатында «рингке оралып жатқанына қобалжып тұрғанын» айтқан.

Геннадий Головкин кәсіпқой бокста 40 жекпе-жекке шыққан. Боксшы 2018 жылы қыркүйекте мексикалық Сауль Альварестен жеңіліп, орта салмақта (72,6 кг) WBA, WBC, IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағынан айырылған. Осы кездесуден кейін Головкин рингке шыққан жоқ.

35 жастағы Роллс — орта салмақта жұдырықтасатын жеңіліп көрмеген боксшы. Кәсіпқой боксқа 2011 жылы келген ол кездесулерін көбіне Канадада өткізген. АҚШ-та алты рет бокстасқан.

Дереккөз: Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.