Ақтөбе облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мамандарының жүргізген зерттеуі бойынша пара алу жағынан полицейлер алда екенін көрсеткен.

Яғни, «google» ғаламтор браузерінің іздеу жолағына «сыбайлас жемқорлық», «пара» және «Ақтөбе облысы» атауларын енгізген кезде тұрғындардың  58 пайызы полиция органдарын белгілеген.

Бұл ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг ​ қорытындысы да растап отыр.

Дәлірек айтсақ , полицейлердің өздері заңбұзушылыққа барады.   Мәселен,  ағымдағы жылдың І тоқсанының қорытындысына сәйкес жауапкершілікке тартылған 14 адамның 6-ы, яғни жалпы санының 42 пайызы полиция органдарының қызметкерлері болып шыққан.  Оның ішінде алаяқтықпен 4 факт тіркелсе , парақорлық пен лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланғандығы үшін 2 факт анықталған.

Айта кету керек, бұл үрдіс Ақтөбе облысы бойынша соңғы 3 жылдықта сақталып отыр, онда сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасаған облыстық полиция қызметкерлерінің үлесі 2017 жылы 57,5% құраса, 2018 жылы 30% құрады.

Жанар ҚОЖАНОВА

Фото: zhasalash.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.