АҚШ бас прокуроры Уильям Барр 18 сәуірде «арнайы прокурор Роберт Мюллер жетекшілік ететін тергеу тобы Ресейдің 2016 жылғы президент сайлауына араласпақ болғанына айғақ тапты» деп мәлімдеді. 

Бірақ бас прокурор «тергеушілерде Трамп пен оның командасының Ресеймен сөз байланысқанын дәлелдейтін нақты құжат жоқ» деді. 

Ол Ресейдің 2016 жылғы АҚШ президенті сайлауына араласуы мүмкін деген есепті арнайы кеңес әзірлегенін айтты. Баррдың сөзінше, Дональд Трамп «атқарушы билік артықшылығын» пайдаланып, баяндама мазмұнын өзгерту, тергеуге кедергі жасауға әрекеттенбеген. 

11 сәуірде президент Дональд Трамп арнайы прокурор Роберт Мюллердің есебін оқымағанын айтып, оның тергеуін «төңкеріс жасау әрекеті» деп атаған.

«Ресейдің 2016 жылғы АҚШ-тағы президент сайлауына килігуі» деген зерттеуін прокурор Роберт Мюллер биыл наурыздың соңында аяқтап, бас прокурордың кеңсесіне тапсырған. 

 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.