АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Ресейге «орта және қысқа қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісімді бұзғаны үшін» жаңадан санкция салмақ ниетте. Вашингтондағы дерек көзіне сілтеме жасаған америкалық Politico басылымының хабарлауынша, президент Трамп тиісті заң жобасын мақұлдаған.

Болжам бойынша, жаңа санкция тыйым салынған қанатты зымырандарды дайындауға технологиялық қолдау көрсеткен болуы ықтимал деген күдікке іліккен ресейлік компанияларға қарсы салынбақ.

Басылымға дерек көзі жаңадан енгізілетін шектеу шаралары Ресей президенті Владимир Путиннің үкіметінің «экономикалық есебіне» ықпал ету тетігі ретінде қарастырылып отырғаны жайлы хабарлаған.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.