Беларусьте президент сайлауы 2020 жылы өтеді. Бұл туралы 19 сәуірде ел президенті Александр Лукашенко халыққа жолдауы кезінде мәлімдеді. 

«Билікті сақтап қалу жолдарын іздестірмеймін. Президент сайлауы 2020 жылы өтуі тиіс. Президент сайлауы заңда көрсетілген уақытта, яғни 2020 жылы болады» деді Лукашенко. 

Лукашенко 2020 жылға белгіленген парламент сайлауы 2019 жылы 7 қарашада өтетінін жариялады. 

Беларусьте парламент сайлауы 2016 жылы күзде өткен. Ел заңына сай, парламент төрт жылдық мерзімге сайланады. Келесі парламент сайлауы 2020 жылы өтуі тиіс болған. 

Беларусь Конституциясына сай, ел президенті бес жыл мерзімге сайланады. Беларусьте соңғы рет президент сайлауы 2015 жылы қазанда өткен. Бұған дейін сарапшылар Лукашенко халыққа жолдауы кезінде кезектен тыс президент тыс сайлауын жариялайды деп топшылаған.

Александр Лукашенко Беларусьті 1994 жылдан бері басқарып келеді. Бес рет сайлауға түсіп жеңіске жеткен. 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.