Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қырғызстанның Ресейге қарызын реттеу туралы келісімге хаттаманы бекіткені туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Президент аппараты берген ақпаратқа сәйкес, хаттамада Қырғызстанның Ресейге берешек мемлекеттік қарызының қалған бөлігі – 240 миллион долларды есептен шығару қарастырылған.

Хаттаманың ратификациялау туралы заңды Жогорку Кенеш биыл қарашаның 2-і күні қабылдаған.

Ресей 2012 жылы Қырғызстанның 488,9 миллион долларды құрайтын қарызын есептен шығаруға келіскен.

2013 жылы Мәскеу алашақ қаржының алғашқы бөлігін — 188,9 миллион долларды есептен шығарып тастаған. Екі тараптың жасаған келісіміне сәйкес, Ресей қалған соманы 2025 жылға дейін жылына 30 миллион доллардан қысқартып отыруға келіскен.

2016-2017 жылдары жиыны 60 миллион доллар есептен шығарылғаннан кейін Қырғызстанның Ресейге 240 миллион доллар қарызы қалған болатын. Енді Мәскеу борыш ақшаның қалған бөлігін толық есептен шығармақ ниетте.

Қырғызстан президенті аппаратының хабарлауынша, 240 миллион берешек ақшаның есептен шығарылған жағдайда Қырғызстанның жалпы ішкі өніміне шаққандағы мемлекеттік сыртқы қарызының деңгейі 3,8 пайызға қысқарады.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.