Жамбыл облысы экономикасындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі жылдан жылға артып келеді. 2018 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 255,0 млрд. теңгені немесе 2017 жылмен салыстырғанда 108,4 пайызды құрады. Инвестициялардың жалпы көлеміндегі бюджеттік салымдарының үлесі 22,2 пайыз, өзіндік қаражаттар – 71,1 пайыз, банктерден несиелер және басқа да қарызға алынған қаражаттар – 6,7 пайызды құрады.

Жалпы инвестиция көлеміндегі ішкі инвестиция көлемі 83 пайыз, ал сыртқы инвестициялардың үлесі 17 пайыз құрап отыр.

Өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 42,4 млрд. теңгені құрады. Облыстық даму бағдарламасындағы жоспар – 27,2 млрд. тг. болатын.

Шикізаттық емес секторының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі (мемлекеттік бюдж. қоспағанда) – 161,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 116,1 пайызға артқан. Басқарма мен аудандар келісімінде жоспар – 108,9 пайыз.

Инвестицияларды мақсатты түрде тарту, оларды жүйелеу және инвесторларға «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсету шеңберінде «Инвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығы» (бұдан әрі — Орталық) құрылды. Орталық инвестиция тарту бойынша алдыңғы қатарлы агенттіктердің озық тәжірибесіне негізделген аймақтық даму институты ретінде әрекет етеді.

Орталық жаңа жобаларды жүзеге асыру бойынша шетелдік және отандық инвесторлармен 300-ден астам жеке кездесу өткізді. Сүйемелдеуге 30-дан астам жоба алынды.

Нәтижесінде 18 мың жаңа жұмыс орнын құруға бағытталған 4,8 млрд. АҚШ долларын құрайтын (1,8 трлн. теңге), 2018-2026 жылдар аралығындағы іске асыруға жоспарланған 70 инвестициялық жобаның базасы құрылды.

Облыстың инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында инвестиция тарту жөніндегі өңірлік кеңестің отырыстары өткізілуде. Өткен 2018 жылы кеңестің үш отырысы өткізілді.

2019 жылдың қорытындысы бойынша жалпы инвестициялар өсімін 102 пайыз көлемінде орындау жоспарлануда.

Фото: turkystan.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.