«Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезінде партия төрағасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Қазақстанның президенттігіне басты үміткерді атады.

Ол, әрине, жұрт күткендей партия атынан президенттік сайлауға түсетін адам кандидат ретінде Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ атын атады.

— Оны көп жылдан бері білетіндіктен бүгінгі күні еліміздегі ең жоғарғы қызметке ең лайықты деп есептеймін. Осы жылдар ішінде ол менің ең сенімді жақтасым болды және менің инициативаларым мен бастамаларымды қолдап келді, Мен оған сенем, — деді Назарбаев.

Еске сала кету керек, Назарбаев президенттік мансабын аяқтаған соң уақытша сайланған Тоқаев 9-маусымда кезектен тыс президенттік сайлау өтетінін мәлімдеген. Саясаттанушылар мен сарапшылар келесі президент 23-сәуірде, Nur Otan партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде ұсынылатын адам болуы мүмкін екенін айтқан.

Фото: nur.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.