Бүгін Мәскеуде «Открытая Россия» («Ашық Ресей») қоғамдық қозғалысының конференциясы өтетін жерге кемінде жиырма полиция қызметкері келген. Олар «ұнамсыз ұйым» өкілдерінің жиыны туралы анонимді хабар түскенін айтқан.

Полиция ғимаратқа келген РЕН-ТВ телеарнасы журналистерін еш кедергісіз өткізген. Азаттықтың Орыс қызметі тілшісінің хабарлауынша, құқық органдары өкілдері жиынға қатысушылардың барлығын кезекпен «түсініктеме беруге» шақырып, кейін оларды ғимараттан шығарып жіберген соң қайта кіргізбей қойған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінгі конференцияға Мәскеудің өзінен және аймақтардан жиналған барлығы жүзге жуық делегат қатысуы тиіс болатын. Белсенділер биліктің жиынды өткізбей тастауға әрекет жасағанын, ал полиция қызметкерлері «Открытая Россия» қозғалысының бірнеше мүшесін «әңгімелесу үшін» ұстап, оларға прокуратураның «ұнамыз ұйымдар» туралы ескерту қағазын тапсырғанын айтады.

Биыл сәуір айында Ресей бас прокуратурасы Ұлыбританияда тіркелген Otkrytaya Rossiya ұйымын «ұнамыз» деп таныған. Сол кезде құқық органдары осы ұйыммен аттас Ресейдегі «Открытая Россия» қозғалысының кеңсесіне тінту жүргізген. Кейін Әділет министрлігі «ұнамыз» деп танылған Otkrytaya Rossiya ұйымының Ресейде филиалдары жоқ деп мәлімдеген. Алайда Ресейде белсенділерді әлгіндей уәжбен ұстау жалғасып келе жатыр.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.