Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы «Нұр Отан» партиясының кандидаты Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫ қолдайды. Бұл туралы 24 сәуірде Алматыда өткен одақ құрылтайында айтылды деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Бұдан бұрын бейресми түрде кей ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде одақ төрағасы Жүрсін ЕРМАН президент сайлауына түсуі мүмкін леген ақпарат тараған. Бірақ, Ерман құрылтайда президент сайлауына кандидатурасын ұсынбайтынын мәлімдеді.  

Бірақ, ақын сайлауға түсу туралы ойының болғанын жасырған жоқ. Ерман, тіпті, президенттік сайлауға президент болу үшін емес, халвықтың, биліктің назарын айтыс пен жыр-терме өнеріне аудару үшін түскісі келгенін де жасырмайды. Ол осы құрылтайға дейін Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕКПЕН кездескен. Сол кездесу туралы:

«Әкім айтысты сіз сайлауға түспесеңіз де қолдаймыз деп уәде берді», — дейді Жүрсін Ерман.

Айта кету керек, Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты 23 сәуірде «Нұр Отан» партиясы президент сайлауына кандидат ретінде ұсынған. Одан басқа «Ұлы дала қырандары» республикалық қозғалысы Сәдібек Түгелді, Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясынан (ҚРКФ) Амангелді Таспиховті, «Ақжол» партиясы мәжіліс депутаты Дания Еспаеваны президент сайлауына кандидат ретінде ұсынды..

Кандидаттарды ұсыну 28 сәуірде аяқталады.

Фото: azattyq.org

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.