Биыл халықты таза ауызсумен қамтамасыз ету бағытында бюджеттен қосымша 140 миллиард теңге бөлінетін болады. Бұл туралы ҚР  Инвестициялар және даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй шаруашылығы жөніндегі комитет төрағасы Мархабат ЖАЙЫМБЕТОВ Орталық коммуникациялар қзыметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Комитет басшысының сөзіне сүйенсек биылғы  2019 жылы ауыл халқының 62 пайызын ал қала халқының 97 пайызын орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосу көзделініп отыр.

«Бұл бағытта төменгі көрсеткіш Павлодар — 29,7 %, Қостанай 31,4 %, Батыс Қазақстан облысына — 46 % тиесілі. Қала халқын орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосу бойынша  Жамбыл облысы — 86, 6 % және Акмола — 86 % пайызбен төменгі көрсеткіш көрсетіп отыр», — дейді комитет басшысы.

Фото: zhasalash.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.