Нұр-Сұлтан – Павлодар тас жолы биыл жасалып бітеді. Бұл туралы Жас АЛАШ «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.

«905 шақырымды алып жатқан  «Орталық — Шығыс» көлік дәлізі (Нұр-Сұлтан — Павлодар қаласына дейін) және Павлодар-Семей-Қалбатау қалалары арасындағы автожолдың құрылысын 2019 жылы аяқтау жоспарда. Қазірге дейін 404 шақырымы пайдалануға берілді», — делінген хабарламада.


2018 жылы Нұр-Сұлтан — Павлодар және Павлодар-Қалбатау учаскесінде жалпы ұзындығы 501 шақырымда жөндеу жұмыстары жасалған еді. Былтыр 2018 жылы 239 шақырымы қолданысқа берілген. Бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 57,4 млрд теңге.

Бұл автожол инфраструктуралық даму «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатыр. Отыз жылға пайдалануға берілмек. Мердігер компания бес жылға кепілдік береді. Яғни 2023 жылға дейін жолдың сапасына жауап береді. Тас жол тәулігіне он мың автокөліктің жүруіне лайықталған.


Фото: tengrinews.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.