Бүгін Нұр-Сұлтан, Алматы, Семей, Қарағанды және Ақтөбе қалаларында митингілер өтті. Акцияға қатысушыларға өздерінің ұстанымдары мен әлеуметтік және басқа да проблемаларды айтты. Осыған орай ҚР Ішкі істер министрлігі ресми сайтында хабарлама таратты.  

«Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жиналғандардың ішінен бірқатар адамдар өздерін агрессиялық түрде ұстап, тыйым салынған «ДВК» экстремистік ұйымының ұрандарын айқайлап айтып, қоғамдық тәртіпті бұзды.

Осыған байланысты әкімдіктер мен прокуратура өкілдері бейбіт митингілер, жиналыстар мен шерулер өткізу тәртібі туралы заңнаманың ережелерін түсіндірді.

Жекелеген азаматтар заңсыз әрекеттерді тоқтату туралы талаптарға бағынбады. Содан кейін полиция күшімен қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруге және тәртіп бұзушыларды ұстау шаралары қабылданды.

Нәтижесінде елордада және Алматыда полиция бөлімдеріне 80 азамат жеткізілді. Олардың әрекеттеріне заңда белгіленген тәртіппен құқықтық баға берілетін болады.

Ішкі істер министрлігі азаматтарға арандатушылыққа берілмеуге және Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтауға шақырады», — делінген хабарламада.

Фото: facebook.com

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.