Ақтөбе облысының басшысы Оңдасын ОРАЗАЛИННІҢ үш қағидасына көнбеген шенеуніктер қызметтерінен кетеді. 

Бұл туралы ол жергілікті маслихат сессиясында  айтты.  Осылайша облыстың жаңа әкімі Оңдасын Оразалин қол астындағы орынбасарларына, қала мен аудан әкімдері, департамент басшыларына қатаң ескертуін жасады. Әкімнің сөзінше ол басқа әкімдер сияқты жаппай кадрлық ауыс-түйіске қарсы. Және жүрген жеріне өз командасын да әкелмейді. Алайда  алдағы уақытта өзі айтқан үш қағиданы ұстанбағандарды қызметтерінен босатады.  

«Мен жүрген жерімде жаппай кадрлық ауыс-түйіс жасауға қарсы адаммын.Бірақ ендігі жерде  қызметтерінде кәсіби шеберлікке, тәртіпке және иновациялық дамуға көнгісі келмейтін басшылармен қоштасуыма тура келеді», —  деді өңір басшысы Оңдасын Оразалин. 

Облыс әкімнің сөзінше қазір барлық басшыларға өздерін көрсетуге мүмкіндік пен уақыт берілді.

Фотоны автор ұсынды.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.