Алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне сәйкес тіркеу және деректерді беру функциясы бар онлайн бақылау-кассалық машиналарын (БКМ) толыққанды енгізу, олардың қолдануын барлық субъектілерге қамту көзделуде. Мемлекеттік кірістер комитеті осыдан кейін ескі кассалық аппараттардың қолданылуына түсінік берді. Қаржы министрінің бұйрығына сәйкес деректерді беру функциясы жоқ БКМ иегерлері 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін онлайн БКМ қолдануға өтуі тиіс.

-Онлайн БКМ қолдануға жаңа онлайн БКМ сатып алу ескі БКМ-ды онлайн не түрлендіру жолымен көшуі мүмкін. Бұл қолдану көлеңкелі экономиканы қысқарту, салықтық әкімшілендіруді жақсарту, салықтық тексерулерді жүргізуді азайту, сондай-ақ БКМ есепке қою бойынша мемлекеттік қызметті автоматтандыру құралдарының бірі болып табылады. Мекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша, 2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша деректерді беру функциясы жоқ БКМ саны 255 191 құрайды. Оның 181 566 немесе 71,1 пайызы бағдарламалық қамтамасыз етуді онлайн БКМ жаңарту жолымен өзгертуі мүмкін. 31 515 немесе 12,4 пайызы бағдарламалық қамтамасыз ету (аппаратты-бағдарламалық кешен) болып табылады, 12 000 немесе 4,7 пайызы онлайн БКМ жатпайды ауыстыру себебі телекоммуникация жоқ жерлерде пайдаланылады, қалған 32 110 немесе 12,6 пайызы телекоммуникация жоқ жерлерде пайдаланылуы мүмкін, олар өз кезегінде деректерді беру функциясы жоқ БКМ-ді қолданудан босатылған, не жойылуы тиіс,-делінген Мемлекеттік кірістер комитетінің таратқан мәліметінде. 

Онлайн БКМ қолдану бойынша кәсіпкерлерді ынталандыру мақсатында Салық кодексіне сәйкес 60 000 теңге сомасына салықты азайту түріндегі жеңілдіктер қарастырылған. Бұл талаптар сондай-ақ, онлайн БКМ түрлендірілген және 2019 жылы есепке қойылған БКМ-ға да қолданылады.

Фото: twitter.com

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.