10 желтоқсанда Норвегия астанасы Ослода Ядролық қаруды жою жөніндегі халықаралық кампанияға (International Campaign to Abolish Nuclear Weapons — ICAN) 2017 жылдың бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы тапсырылды. ICAN-ның атқарушы директоры Беатрис Фин Осло мэриясындағы марапаттау салтанатына 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасынан тірі қалып, ядролық қаруды жою қозғалысының белсендісіне айналған жапониялық Сецуко Тэрлоумен бірге барды.

Биыл қазан айында мәртебелі сыйлықтың жеңімпазын жариялаған норвегиялық Нобель сыйлығының комитеті ICAN-нің «ядролық қаруды кез-келген жағдайда қолданудың гуманитарлық салдарына назар аударту жұмысын және ядролық қаруға келісім арқылы тыйым салудағы жаңашыл бастамаларын» құптаған. Женевада орналасқан кампания қызметін 2007 жылы бастаған және оған 101 елден 468 ұйым қосылған.

10 желтоқсанда сонымен қатар Стокгольмде 2017 жылдың медицина, физика, химия, әдебиет және экономика салалары бойынша лауреаттарына Нобель сыйлығы тапсырылды.

Әр сыйлықтың тоғыз миллион швед кроны көлемінде (1,1 миллион доллар) ақшалай жүлдесі бар. Сыйлықты тапсыру салтанаты жыл сайын 10 желтоқсанда — сыйлықты тағайындаған швед өнертапқышы әрі өнеркәсіпші Альфред Нобель қайтыс болған күні өтеді.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.