Мәскеуден Мурманскке ұшқан «Аэрофлот» әуекомпаниясының Sukhoi Superjet 100 ұшағында кімдердің болғаны әлі анықталып болған жоқ.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, ұшақ бортында болған 41 адам қаза болып, 6 адам ауруханаға жеткізілген. Олардың ішінде Қазақстан азаматтары бар-жоғы әлі белгісіз.

«Қаза болғандар мен жараланғандар қатарында Қазақстан азаматтары бар ма, жоқ па, тексеріліп жатыр. Бортта болған жолаушылардың соңғы тізімін күтіп отырмыз», — деп мәлімдеді Қазақстанның СІМ.

Шереметьево әуежайынан шыққан ұшақ 28 минуттан кейін қайта қону кезінде отқа оранған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші талпыныстан соң ғана жерге табаны тиген ұшақ жерге қатты соғылған. Осыдан аз уақыт бұрын ұшақ бортындағы жолаушылар түсіріп алған видео да пайда болған.

Фото: sputniknews.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.