Бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрі Күләш ШӘМШИДИНОВА «Педагогтар мәртебесі» заң жобасы туралы айтып берді.

Жаңа заңда педагогтың кәсіби құқығы, мектептердің қоғамдық шараларға атсалысуы жайлы толық жазылады. Бастысы ұстаздың кәсіби жұмысына негізсіз араласу жағдайынан қорғау құқығы берілмек. Сондай-ақ, олардың ар-намысы осы заң аясында қорғалмақ.

«Бұл мәселе бойынша, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізілуде. Егер жоғарыда аталған жағдайлар бойынша мұғалімнің құқығы бұзылатын болса, онда азамат жауапкершілікке тартылады. Мәселен, әлгі азаматқа біріншіден ескерту жарияланса, екіншіден айыппұл салынады. Айыппұлдың мөлшері басқа санаттағы тұлғаларға қолданылып жатқан тәжірибе бойынша айқындалады», — дейді министр.

2018 қазан айында экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ мұғалімдерді өзінің қызметінен тыс шаруаларға жегуден босату керектігін айтып, «Педагогтар мәртебесі» туралы заң жобасын қолға алуды бұйырған.

Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫ сайлауды, үгіт-насихат жұмыстарын да мұғалімдердің тегін жасайтынын айтқан еді.

Жалпы, мұғалімдерді кез-келген жұмысқа жұмсау үйреншікті жағдайға айналып кеткені жасырын емес. Жаңа заңға сәйкес мұғалімдердің құқығын бұзытын адамға бірінші ескерту жасалып, айыппұл да салынады. Қазақстан мектептерінде ұстаздардың білім беруіне көбіне-көп жеогілікті әкімшіліктер кедергі келтіреді. Қызық, шенеуніктер айыппұлдың астында қалама екен?

 Фото: facebook.com

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.