Жеңістің 74-інші көктемі. Осылай деп ұрандатқан өскемендіктер 9-мамырды «Мәңгілік полк» шеруіне шығу арқылы қарсы алды. Шеру демекші, шығыстықтар биылғы жылы бұл шараның атауын «Батырларға тағзым» деп өзгертіпті. Бірақ, аты өзгергенімен заты сол баяғы «БЕССМЕРТНЫЙ ПОЛК». Айтпақшы, Ресейден бастау алған бұл акцияның атын ауыстырғанымен отандық сайттардың арасында бәрібір «Бессмертный полк» шеруі өтті деп жазғандар болды.

9 мамыр Ахметов пен казактардың ортақ мерекесі

Шеруге қатысушылар қолдарына майдангер туыс-туғандарының суреттерін ұстап, таңғы сағат тоғыздан Өзен вокзалына қарай ағылды. Дәл осы жерден бастау алған акция, Стрелка ауданындағы Даңқ мемориалы орналасқан Жеңіс саябағында жалғасты. Жалпы шараны ұйымдастырушы Өскемен қаласы әкімдігінің таратқан мәліметінше, шеруге 25 мыңнан астам адам қатысыпты.

9 мамыр Ахметов пен казактардың ортақ мерекесі

Ертістің бойын жағалай жылжыған шеруге қара халықтан өзге облыс пен қала әкімшілігінің қызметкерлері де тайлы-тұяғы қалмай келіпті. Өңір басшысы Даниял АХМЕТОВ те осы топтың дәл ортасында жүрді. Казактар да қалыспады. Ресей патшалық дәуірін еске салған казактардың қай жеңісті тойлап жатқандарын Жас АЛАШ тілшісі білмек болды.  

9 мамыр Ахметов пен казактардың ортақ мерекесі

Біз Казактар және Казактар қауымдастығының мүшелері бір кісідей жұмылып, жылдағыдай «Мәңгілік полк» шеруіне қатыстық. Мәңгілік алауға гүл қойдық. Әрқайсысымыздың отбасымыздан соғысқа қатысқан жақындарымыз бар. Соларды еске алдық. Құрмет көрсеттік. Жалпы мейрам туралы айтар болсам, бұл күн бәріміз үшін Ұлы күн. Ұлы мереке. Дәл бүгінгі күні маңыздылығын жоғалтты деп айта алмаймын. Керісінше, мерекенің қадір-қасиеті артып келеді. Соғыс болмасын! Әлемде тыныштық болсын! Сол үшін ұрпақтарымызға дәріптеуіміз қажет. «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушы халықтың қатары да жыл өткен сайын көбеюде. Бұл шеруді жылдан-жылға жалғастырып, ұмыт қалдырмауымыз керек – дейді, Шығыс Қазақстан облыстық «Иртышский форпост» казактар қауымдастығының атаманы Александр ЯКОВЛЕВ.

9 мамыр Ахметов пен казактардың ортақ мерекесі

Александр атаман киім киістері мен жүріс-тұрыстарына да қатысты пікірін білдіріп, былай деді: — Соғыста аталарымыз дәл осылай киінді деп айта алмаймын. Мына біздердікіндей погон да таққан жоқ. Бірақ, бұлығы бар шалбар, елтіріден тігілген бөрік немесе фуражка секілді казактарды білдіретін белгілі бір киім кигені анық. Себебі бұл біздің әдет-құрпымызға деген құрмет. Өз мәдениетіміз. Сондықтан да біз осы дәстүрді жалғастырып келеміз.

Ауыздарынан Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫ тастамайтын облыс басшысы Даниал АХМЕТОВ қарамағындағылармен шеруге белсене қатысты. Облыс басшысының соңына тіпті дін өкілдері ілесе шығыпты. «За походы в Средней Азии 1853—1895» медаліндегі Георгий лентасын кеудесіне таққандар да аз болған жоқ. Осылайша басқыншылар символикасы арқылы Өскемен «рухани жаңғырды».

9 мамыр Ахметов пен казактардың ортақ мерекесі

Әскери әндер мен соғыс жылдарындағы әуендерді орындай отырып, бір жарым шақырымдай жол жүрген шерушілер, Даңқ мемориалына келіп жеткенде театрландырылған қойылымдар қойылды. Аспанға бейбітшілік шарлары ұшырылды. Облыс әкімі Даниал Ахметов те дәл осы жерде жиналған халықты құттықтады.

9 мамыр Ахметов пен казактардың ортақ мерекесі

— Құрметті жерлестер! Ардагерлер! Сіздерді елдік пен ерліктің мызғымас бірліктің мерекесі Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын! Бұл күн – аға ұрпақтың жүздеген ұлттың Отан қорғаудағы айнымас достығының дәлелі. Біз Ұлы қуаныш мерекесінде рухқа тағзым етіп, ортамыздағы ардагерлерге басымызды иеміз. Ұлы дала батырларының қайсар рухын халық болып ұлықтау біздің перзенттік парызымыз. Біз татулық пен адалдықты қадір тұтқан қаһарман елдің ұрпағымыз. Сондықтан бүгінгі бейбітшіліктің, тұрақтылықтың қадірін жете түсінуге тиіспіз. Қазақстаннан 1 миллион 300 мыңнан астам адам соғысқа шақыртылды. Солардың жартысы майдан даласынан елге оралмады. Ерлік көрсеткені үшін 497 адам Кеңес Одағының батыры атанды. Шығыс Қазақстаннан 180 000 адам майдан даласына аттанған. Олардың 83 мыңы қаза тапты. Ал 109 шығысқазақстандық Кеңес Одағының батыры атағын алған. Олардың арасында Ізғұтты Айтықов, Владимир Мызы, Төлеген Тоқтаров, Жанғазы Молдағалиев сынды жерлестеріміз бар. Қазақстанның халық қаһарманы, жазушы Қасым Қайсеновті қалай ұмытамыз.

9 мамыр Ахметов пен казактардың ортақ мерекесі

Өткен жылы ғана батырымыздың туған өлкесінде 100 жылдығын құрметпен атап өттік. Елімізде тәуелсіздік алғаннан бері тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында тыныштық пен тұрақтылық орын алды. Бейбіт күнде өмір сүріп келеміз. Сіздерге зор құрмет көрсете отырып, сарқылмас ырыс пен бақытты өмір, зор денсаулық тілеймін – деді, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов.

Бұдан кейін өңір басшысы ардагер ақсақалдар отырған орынға барып, әрқайсысының қолын алып құттықтап, алғысын айтты. Айтпақшы, шығыстың бас шаһарында өткен шеруге Үндістаннан келген әскерилер де қатысты.

9 мамыр Ахметов пен казактардың ортақ мерекесі

— Үнділік кадеттер үшін бұл үлкен мәртебе. Себебі, майданда қаза болған сарбаздарды олар қатты құрметтейді. Сондықтан да мұндай мерекелік шеруге қатысуға ықылас білдірді. Біздің Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті мен Үндістанның Ұлттық кадет корпусы арасында арнайы жасалған мемарандум бар.

9 мамыр Ахметов пен казактардың ортақ мерекесі

Мақсаты екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, халықтар арасында мәдени ынтымақтастық орнату. Осы келісім бойынша біздің әскери кафедраға Үнді елінің кадет корпусынан делагация келді. Олар бір апта бойы Өскеменде болады. Бұған дейін біз де Үндістанға арнайы барып, ақын, ұлы ойшыл Рабиндранат Тагордың туған күніне орай өткен мәдени іс-шараға қатысып келген болатынбыз – дейді, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ әскери кафедрасының бастығы, полковник Олег МАНЦУРОВ.

Мәңгілік алауға гүл қойылды. Бір минуттық үнсіздік жарияланып, марқұмдарды еске алу рәсімі де жасалды. Соғыс жылдарындағы техникалардың көрмесі ұйымдастырылып, келушілерге сарбаз ботқасы ұсынылды.

9 мамыр Ахметов пен казактардың ортақ мерекесі

Фотолар автордікі.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.