«Шымкенттегі Республика даңғылындағы №31 көп қабатты үйден төрт адамның мәйіті табылды» деп хабарлайды Азаттыққа Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

«10-желтоқсан күні сағат 14:07-де Республика даңғылындағы №31 үйдің 31-пәтерінде үш немересімен өмір сүретін әйел үш күннен бері хабарсыз кеткені, ұялы телефонын көтермей жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен жедел-құтқару тобы мен полицейлер аталған пәтер есігін бұзып ішке кірді. Пәтерден 56 жастағы әйел мен 5 жастағы бала және біреуі 11, тағы біреуі 10 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды» делінген хабарламада.

Полиция қазір тұрғындар өлімінің себебін анықтап жатқанын айтады.

 

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.