Мәскеуде «Артдокфест» фестивалі аясында Украинадағы соғыс туралы Беата Бубенецтің «Полет пули» фильмі көрсетілетін залға әлдебіреулер исі аңқыған сұйықтық шашты. «Артдокфест» фестивалінің президенті Виталий Манский залдан көрермендерді эвакуациялады.

Әуелде фильмді көрсетуге қарсылар залға кіреберіс есікті жауып, артынша проекторға күртеше лақтырған. Сосын полиция наразылық танытушыларды залдан шығара бастаған.

9 желтоқсанда Мәскеудегі фестивальде «Полет пули» фильмінің көрсетіліміне Ресей қолдайтын сепаратистердің жақтастары жиналып, 10 желтоқсанға жоспарланған екінші көрсетілімді болдырмауды талап еткен.

Бубенецтің Facebook-те жариялаған видеосында Виталий Манскиймен сөйлескен екі ер адам мен әйелдер оған фильмнің еріктілердің «Айдар» батальоны сарбаздарының «бейбіт адамдарды өлтірген ерлігін дәріптейтінін» айтқан. Олар 10 желтоқсан күнгі фильмнің екінші рет көрсетіліміне «500 адам келіп, көрсетпей тастайтынын» айтып, доқ көрсеткен. Манскиймен сөйлескендердің бірі өзінің «2014 жылдан бері Донбаста тұратынын» айтқан.

Бұған дейін сепаратистер жақтастарының қарсылығынан соң Донбастағы соғысқа арналған «Война ради мира» деп аталатын тағы бір фильм көрсетпек болған. Бірақ ұйымдастырушылар ол фильмді 11 желтоқсанда Чехия мәдени орталығында көрсететін болды.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.