«Соғысты романтикаға айналдыру қылмыс» деген еді ардагер-жазушы Виктор АСТАФЬЕВ. Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ «Әке туралы толғаныс» кітабында майдангер әкенің соғыс жайлы ойларын жазады. Жазушы ұлына совет кезінде жазылған соғыс жайлы көркем шығармалардың шынайы өмірден алшақ екенін айтқан екен.  

«Әкем соғысты еске алғанда, ылғи да ауыр майдан өмірі ашық, жарқын тұрғыда суреттелетін көркем шығармаларға сенбеу керектігін айтып отыратын. Қан судай аққан шайқастарда қорқуды білмеген Кеңес жауынгерлері мен офицерлері жайлы көптеген авторлардың көпірме әңгімелері оның ашуын туғызатын. Ол соғыс ардагері ретінде барлық сарбаздың, әсіресе жаумен тұңғыш рет бетпе-бет келгенде қорқыныштың құрсауынан шыға алмайтынын анық білетін. Ал біреулердің қорқынышты жеңе білгені және кәсіби әскери адам болғаны басқа әңгіме, ал басқалары осы бір желімдей жабысқан қорқынышты сезімнен арыла алмағаны анық», — деп жазады Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫ «Әке туралы толғаныс» кітабында.  

Коллаж: zhasalash.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.