ҚР президентіне үміткер кандидаттар арасында дебат тікелей эфирде өтеді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен АБАЕВ мәлімдеді.

«Менің білуімше теледебаттар болады-ау. Және тікелей эфирде өтеді», — деді министр журналисттерге.

9 маусым күні өтетін президенттік сайлаудың үгіт-насихат жұмыстары 12-мамыр күні басталып кетті. Кандидаттарды тіркеу 8-мамыр күні аяқталған еді.

Кандидаттар арасындағы дебат Украинадағы президенттік сайлаудан кейін Qaznet-те қызу талқыланды. Мәселен бұған дейінгі сайлауларда отыз жылға жуық билік еткен Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ дебатқа шыққан емес. Қызық, «Нұр Отан» партиясының ендігі кандидаты Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ телесайысқа түсе ме екен?

Фото: tengrinews.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.