«Бір түп ағаштың орнына бес түп тал егеміз»  деген қағиданы мықтап ұстанып алған Ақтөбенің билігі енді қаладағы жасыл желектерді жаппай отап  жатыр.  Сөздерінше ескірген талдарды тазартуға биыл бюджеттен отыз миллион теңге бөлініпті.  Алайда әкімдіктің бұл жұмысына қарсы шыққан тұрғындар биліктен қалаға көрік беріп тұрған жасыл ағаштарды кесуді тоқтатуды талап етті. 

Көктемде өзен арналарын тазартамыз деп жағасындағы ағаштарды кескен жергілікті шенеуніктер  енді қаладағы жасыл желекті жаппай қырқуды бастады. Бұған қарсы шыққан тұрғындар қазір арнайы топ құрып өз қарсылықтарын білдіруде.

Ақтөбедегі ағаш үшін айқас

«Балаталар жатқан ағаштарды менің әкемнің көзі көрген. Қалай өскенін бала күнімде көрдім. Сондықтан да бұның бәрі маған ауыр тиді. Мына жерде бұлақ болды. Ол бұлақ Сазды өзеніне қосылатын.  Сол бұлақтарды көміп жатыр», — дейді Әлібек МАҒАУИН.

Қазір биліктің бұл әрекетін қарсы шыққан тұрғындар бірлесіп «Ақтөбе Дыши»  деген қозғалыс жұмысын бастады.  Мақсаты қалада жаппай кесіліп жатырған ағаштарды сақтап қалу. 

«Мен қаладағы жасыл ағаштарды сақтап қалғым келеді. Қаланы көгалдандырып, көп тал еккім келеді. Бізді жақтаушылар көп болғандықтан біз қозғалысқа айналдық. Ағаштарды бұлай кесуге, табиғатты қорлауға кім жол бергенін білмеймін. Бірақ біз ағаштарды кесуді тоқтатамыз», — дейді «Ақтөбе Дыши» қозғалысының еріктісі Евгений ЛАЗЕРЧУК.

Ақтөбедегі ағаш үшін айқас

Эколог мамандар әкімдіктегілер жасыл желекті қырқу үшін алдымен қоғамдық пікірді ескеру керек еді деп отыр. Сөздерінше олармен де ешкім ақылдаспаған.

«Бұл көшеттердің бәрі біздің қаламыздың өкпесі ғой. Өкінішке қарай  талдарды кесерде бізбен, экологтармен ешкім келіспеді. Біз мұны білмейміз. Осы тұрғанда көріп тұрмыз», —  дейді Ақтөбе облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Ерболат ҚОЖЫҚОВ.

Эколог мамандар кесілген ағаштардың орнына жас талдарды отырғызбас бұрын жер астындағы су қорына да назар аудару керек деп отыр. Қаланы көгалдандыруға жауап беретін шенділер бұл ескі ағаштардың орнына жас талдарды егіп, қайта көктетеміз деп сендіріп отыр.

Ақтөбедегі ағаш үшін айқас

«Әр кесілген ағашқа рұқсат берілген кезде ол рұқсаттамада бір ағашға бес ағаш егу туралы жазылады. Биылғы жылы жеті мыңға жуық ағаш егілді», — дейді Ақтөбе қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Самат РЫСБЕКОВ.

Ақтөбедегі ағаш үшін айқас

Фотолар автордікі.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.