Кешегі жеңіс күні мерекесі қарсаңында генерал-майор шенін иеленген Атырау облыстық полиция департаментінің басшысы Аян ДҮЙСЕМБАЕВТЫҢ басы тағы дауға қалды. Бұл жолы оған облыстың Қызылқоға ауданынан шыққан жерлестері сыйға тартқан сәйгүлік себепші болып отыр.

Видеоға қатысты түсініктеме берген ҚР Ішкі істер министрлігінің хабарламасында «Атырау облысы Полиция департаментінің басшысы Аян Дүйсембаевқа қатысты әлеуметтік желіде жарияланған видеоматериал бойынша Ішкі істер министрлігі оқиға орнына өкіл аттандырып қызметтік тексерісті қолға алды. Қызметтік тексеріс нәтижесі бойынша заңда белгіленген тәртіп негізінде шешім қабылданады»,– деп жазылған.

Ал 7 мамыр күні генералдар мен офицерлерді, олардың қатарында А.Дүйсембаевты да, жаңа лауазымдарымен құттықтаған ҚР Президенті Касым-Жомарт ТОҚАЕВ бұл жолы өзінің «Твиттер» парақшасында «ІІМ Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВҚА Атырау облыстық Полиция департаменті бастығының ерсі әрекетіне қатысты қызметтік тексеру жүргізуді тапсырдым. Қатаң шара қолданылатын болады» деп жазды.

Атыраулықтар бұл жайға көзқарасы әртүрлі. Бір тобы туған жеріне қыдырып келген азаматқа ат сыйлағанынан ешқандай ерсілік көрмесе, екіншілері мектептің мұғаліміне оқушысынан гүл алуға дейін тыйыс салып жатқанда облыстың бас полицейінің мұндай «көрнекті сыйлық» иеленуін құптамауда.

Фото ғаламтордан алынды.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.