Премьер-министр Асқар МАМИН ҚХР мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері Хань ЧЖЭНАО келіссөздер жүргізді. Бұл туралы  «Жас АЛАШ» Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында екі жақты экономикалық қарым-қатынас, шекара маңындағы ынтымақтастықты дамыту туралы айтылды. ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы индустрияландыру және инвестициялар саласындағы  келісім аясында 27 млрд долларға 55 жоба жүзеге асырылады. 2015-2018 жылдар 3,8 млрд долларға 12 жоба іске қосылған. Биыл 310 млн долларлық 5 жоба жұмыс жасайды. Олардың арасында күннен қуат алатын электрстанциясы, ГЭС, ет комбинаты ашылады. Қысқасы, 20 мың адамға жұмыс орыны ашылады деп жоспарлануда.

Фото: news.mail.ru

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.