Бүгін Алматыда Бейімбет МАЙЛИННІҢ 125 жылдығына арналған почта маркасының тұсауы кесілді. Бастаманы «Казпочта» акционерлік қоғамы мен жазушының шөбересі Салтанат МҰСТАФИНАНЫҢ  басшылығындағы  «Бейімбет Майлин» қоры қолға алған.

Майлин атындағы марка

«Почта маркалары кез келген мемлекеттің бай тарихы мен мәдениетін сипаттайтын өнер туындысы. Қазақстандық почта маркаларының тарихы тікелей тәуелсіздігімізбен байланысты. Өйткені, ең алғашқы почта маркасы 1992 жылы жарық көрген еді. Ол жерде «Алтын адам» бейнеленген. Ал, бүгін біз ерекше салтанатты жағдай үшін жиналдық. Бейімбет Майлинге арналған почта маркалары да әлемдік филателистикалық топтамадан және еліміздің тарихынан орын алатынына сенімдіміз»,  — деді «Казпочта» Алматы қалалық бөлімінің директоры Әлия СҮГІРБАЕВА

Жиында Бейімбет Майлиннің біраз ұрпақтары  қатысты.

Майлин атындағы марка
Дәмен Абылқасымқызы, Бейімбет Малиннің жиені

«Бей атамның әруағын сыйлап, марка шығарып жатырсыздар. Сіздерді сол кісінің рухы қолдасын» деп алғыс айтқан Бейімбет Майлиннің жиені Дәмен АБЫЛҚАСЫМҚЫЗЫ өзімен қоса, келген қонақтарды Ерболат, Асқат есімді жазушының шөберелерімен таныстырды.

Бейімбет Майлиннің бейнесі бар марканың тұсауын  ақын Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ кесті. Мерейтой почта маркасының тұсауы кесіліп, мөр басылған соң келген қонақтардың Олжас Сүлейменовпен бірге естелік суретке түсіп, тоталитарлық жүйенің құрбанына айналған жазушы шығармашылығы мен өмірі жайлы естеліктер айтылды.

Фотолар автордікі.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.