Тапа тал түсте кескен теректей құлап қалған Бесоба тұрғын үй кешенінің жұрты  жеті жыл өтседе баспаналарына жете алмай баз кешуде. Бүгін шыдамдары таусылған жұрт облыстық прокуратураға барды.

Бесобалықтар жеті жылдан бері  пәтерлерін ала алмай жүр

2012 жылы Қарағандыда Бесоба тұрғын үй кешені жұрттың көз алдында құлап дүйім жұртты шулатқан еді. Содан бері жеті жыл өтседе Бесобада пәтерлері болған  жүз шақты отбасы күні бүгінге дейін пәтерлеріне жете алмай жүр.Бесобалықтар жылда  баспананың кілтін алып қалармыз деген үмітпен жүреді. Бүгін облыстық прокуратураға барған жұрттың дауын прокурорлармен қоса қала әкімінің орынбасары Жақсылық ШАЛАБЕКОВ тыңдады.

 «Үй салынып беріледі деген уәдені тыңдап келе жатқанымызға бір талай уақыт болды. Жеті жылда бір көршіміз қайтыс болды. Оның тіпті артында ешкімі қалмапты пәтерді алатын. Жеті жыл деген ол әжептеуір уақыт өтіп жатқан өмір. Желтоқсан айында кездескенде тағы уәде берілді. Менің ойымша бұл әкімнің есеп беруіне дайындық болса керек, сонда сіздер наурызда үй беріледі дедіңіздер, бізге нақты мерзімін айтыңыздаршы өзі бұл бітетін үй ме», — деп қынжылысын білдірді Бесоба тұрғын үй кешенінің тұрғыны Нағима.

Бесобалықтар жеті жылдан бері  пәтерлерін ала алмай жүр

Бастапқыда мемлекеттік бағдарламамен Бесоба тұрғын үй кешені салынғанда пәтердің әр шаршы метрінің құны 90 мың теңгеге бағаланған.Осы бағалау бойынша республикалық бюджеттен қаражат бөлінген.Кейін жоба сметалық құжат бойынша бұл баға 136 мың теңгеге көтерілген. Бесобаның орнына Шапағат тұрғын үй кешенін салуға кіріскен мердігер кейбір блоктардағы пәтерлерді сатып, жетпей қалған сомманы жаппақ болған. Осы жұмыстарды толық аяқтамаған мердігерді әкімшілік сотқа беріп, ол жоғарғы соттың шешімімен кінәлі деп танылған.Енді бұл мердігер жұмысты аяқсыз қалдырғаны үшін шығынды өтейді.Осының салдарынан құрылыс созылып кеткен.Бүгінде бұл үйдің құрылыс жұмыстарын аяқтауды Сартан ЖШС мердігер ретінде кіріскен.Алайда оның да «кірісіп» жатқанына бірталай уақыт болды.Тұрғындардың айтуынша Бесобада құрылыс жұмыстары өте баяу жүргізіледі тіпті кей кезде ұзақ уақытқа тоқтап қалатын көрінеді.Осы тұрғын үй кешенінің төрт подъезіне бесобалықтар қоныстануы тиіс болатын.

Бесобалықтар жеті жылдан бері  пәтерлерін ала алмай жүр

Жұртпен кездесуге келген қала әкімнің орынбасары Жақсылық Шалабековтің мәліметінше үйдің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын қалыпты.Тек ішкі ұсақ түйек жұмыстары бар екен. Дегенмен шенеунік жұрттың талап еткеніне қарамастан нақты пәтер кілтерінің қашан берілетінін айтпады. Осылайша бесобалықтардың кездесуден тағы да тауы шағылып қайтты. Жұрт биліктегілер нақты жауап айтпады деп наразы болды.

«Мен зейнеткермін, осы пәтерді алу үшін 20 жыл ақша жинадым.Содан Бесоба болып тұрғанда мұны сатып алдым.Сол кезде салғанда әкімшіліктің құрылыс бөліміндегілер қате жіберіп алды. Өзбектер мен тәжіктерге салғызды,ешқандай қадағалау болған жоқ. Бұл үй құлағаннан бері бес облыс әкімі ауысты, ешкім ештеңе жасай алмады. Біз әлі зарлап жүрміз», -дейді Бесобадан үй сатып алған тұрғын Болат Әшірбеков.

Бесобалықтар жеті жылдан бері  пәтерлерін ала алмай жүр

Биліктегілер Бесобаның орнына салынып жатқан тұрғын үй кешенін Шапағат деп атаған еді. Алайда тұрғындар бұл үйде шапағатты болмай тұр деп қынжылады.

Фотолар автордікі.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.