Өскеменнің іргесі кеңейіп, қала көлемі ұлғайған сайын түрлі мәселе туындап жатыр. Мәселен, жаңадан салынып жатқан 19-тұрғын ауданды алайық. Бірнеше жыл бұрын бой көтере бастаған елдімекен қазір адам танымастай болып өзгерген. Ал бұрын бұл жер қала орталығындағылар үшін алыстағы айдаладай болып көрінетін.

Бақсақ, бұл жерлер бос болмай шығыпты. Бәрінің де иесі бар. Жер телімдері әлдеқашан жекеменшікке өтіп кеткен. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен жиында өңір басшысы Даниал АХМЕТОВ: Мен аталған ауданға бардым. Ондағы жағдайды көріп, естіп, бұрынғы әкімдердің ісіне қатты қапаланып қайттым. Біз бар күшімізді жұмсап, инфрақұрылым тартамыз деп жүрген жерлердің барлығы жеке тұлғаларға сатылып кеткен. Мұны қай әкім, қай жылы істегенін анықтаңдар! Біз үй салып, адамдарды баспанамен қамтамасыз етеміз деп жүрсек, олар бәрін сатып жіберген. Айтарға сөз жоқ, «НАҒЫЗ ФОКУСНИКТЕР» – деп, қала әкімі Жақсылық ОМАРҒА тапсырды.

Енді бұл жерлердің мәселесі шешілмесе, инфрақұрылымы тартылып қойған аумақтарға салыну тиіс үйлердің жобасы желге ұшуы әбден мүмкін.

Фото: tengrinews.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.