Қазақстанда биыл сөз бостандығына қатысты 46 бап бойынша 27 адам қылмыстық жауапқа тартылды деп хабарлады дүйсенбіде баспасөз конференциясын өткізген «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау ұйымы.

«Әділ сөз» өкілі Ғалия Әженованың Азаттыққа хабарлауынша, сөз бостандығын шектеуге қатысты қылмыстық істер «жала жабу», «тіл тигізу», «билік өкіліне тіл тигізу», «жеке өмірі туралы мәліметті заңсыз жинау», «көпе-көрінеу жалған ақпарат тарату», «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру», «жиын, митинг, пикет, шеру немесе демонстрация өткізу немесе ұйымдастыру тәртібін бұзу» және «қылмыстық жолмен алынған қаржыны немесе басқа да мүліктерді заңдастыру» баптары бойынша қозғалған. 18 іс бойынша сот айыптау үкімін шығарған. Сотқа тартылғандар арасында сегіз журналист бар. 

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, конференцияда ұйым БАҚ туралы заңға енгізілетін түзетулер мен өзгерістер жобасына қатысты карикатурашылар арасында жариялаған конкурстың қорытындысын жариялады. Конкурс қорытындысы бойынша бірінші орын Николай Веровечкинге, екінші орын ташкенттік карикатурашы Николай Свиркенкоға, үшінші орын алматылық Игорь Кийкога берілді.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.