Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қайрат Мәмиді Конституциялық кеңес төрағасы етіп тағайындады. Ақорданың Twitter-дегі парақшасында хабарлауынша, Назарбаев бұған қоса Алик Шпекбаевті мемлекеттік қызметі істері және коррупцияға қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы етті. Шпекбаев бұған дейін осы агенттік төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Қайрат Мәми бұдан бұрын Жоғарғы сот төрағасы болған. Бүгін бұның алдында президент Назарбаев Жоғарғы сот төрағасы етіп осы кезге дейін бас прокурор болған Жақып Асановты тағайындаған.

 

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس