Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова «АрселорМиттал Теміртау» (АМТ) компаниясының шахталарында 600-ге жуық наразы кенші барын хабарлады.

11 желтоқсанда АМТ-ның ондаған шахтері түні ауысымнан соң таңертең жалақыларын өсіруді және еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп, жер бетіне шығудан бас тартқан. Кейінірек наразылыққа кем дегенде төрт шахтаның 200-ге тарта жұмысшысы қатысып жатқаны хабарланған болатын.

Министр Дүйсенованың айтуынша, қазір жұмысшылар талабына қатысты келіссөз жүріп жатыр. «Келіссөз нәтижесі кейінірек жарияланады» деді Дүйсенова сейсенбіде Астанада үкімет отырысынан соң журналистерге.

Бүгін бұдан бұрын «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы мен облыс басшылығы кеншілермен келіссөз жалғасып жатқанын хабарлаған.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.