Алматы. 12 желтоқсан. 7kun.kz – 2017 жылдың соңына қарай астық экспортын 9,1 млн тоннаға немесе 4,6 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Нұржан Алтаев мәлімдеді.

Алтаевтың айтуынша, жыл басынан бері 8,3 миллион тонна астық экспортқа жіберілді.
«Жылдың аяғында біз 9,1 миллион тоннаға жуық астықты жіберуді жоспарлап отырмыз», – деді ол.

Өткен жылы экспортқа 8,7 млн тонна астық тиелді. Осылайша, 2017 жылы астық экспорты 4,6 пайызға артатын болады.

«Яғни жылдың қорытындысы бойынша астық экспорты 400 мың тоннаға артуы күтіледі», – деді А.Алтаев.

Ол, сондай-ақ, 2017 жылы республиканың агроөнеркәсіп кешені бункерлік салмақта 22,1 млн тоннадан астам астық жинады.

Сонымен қатар, 2018 жылдың қаңтарынан бастап үкімет ел ішіндегі астықты тасымалдауды субсидиялауды бастайды.

Запись Қазақстан астық экспортын 9,1 млн тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.