Ресейдің ақпараттық технология және телекоммуникация саласына бақылау жасайтын Роскомнадзор мекемесі әділет министрлігі «ұнамсыз ұйым» деп таныған үкіметтік емес ұйымдардың сайттарын бұғаттай бастады. Бұғаттау 2015 жылы қабылданған, Кремль өзгеше ойлау жүйесін таратты деп айыптаған ұйымдардың қызметін шектейтін заңға сай жасалып жатыр.

Роскомнадзор сайтында 12 желтоқсанда бас прокуратура федералдық қызметтен «Ресейде ұнамсыз деп танылған ұйымдардың ақпараттық материалдарын тарататын» сайттарға кіруді шектеу талабын қойғаны туралы хабарлама жарияланды. Онда қай ұйымдардың сайтына шектеу қою керегі айтылмайды. Бірақ «ұнамсыз ұйымдар» тізімінде қазір 11 ұйым бар.

11 желтоқсанда Ресей билігі ресейлік ЮКОС компаниясының бұрынғы басшысы, қазір шетелде тұратын Михаил Ходорковский құрған «Открытая Россия» қоғамдық қозғалысының сайтын бұғаттаған. «Открытая Россия» өзінің негізгі OpenRussia.org сайты мен өзге тағы бес сайтын Роскомнадзор «тәртіпсіздік орнатуға шақырғаны үшін» қара тізімге алғанын мәлімдеді. Ұйым өзінің Ресейдегі бөлімшесі «ұнамсыз ұйымдар» тізімінде жоғын айтады.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.