Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановпен кездескен соң 13 желтоқсанға қараған түні «АрселорМиттал Теміртау» шахталарынан 154 кенші жер бетіне көтерілді. Қарағанды облысы әкімі баспасөз қызметінің сәрсенбі күні таңертең хабарлауынша, әкім осы түні бірнеше шахтаға түсіп, кеншілермен жеке сөйлесті. Мұның алдында облыс әкімі Қарағандыға келген «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының бас директоры Парамжит Каланмен кездескен. Компания ұсынған шарттарды талқылау сағат 23-те аяқталып, бұдан соң билік өкілдері наразы кеншілерге барған.

Әкім Қошанов наразылық танытқан кеншілердің ең көбі отырған «Шахтинск» шахтасына түскен. Кездесуден соң сыртқа 59 кенші шыққан. Кеншілермен кездесу шамамен екі сағатқа созылған. Облыс әкімдігі «Тентек» шахтасынан 76 жұмысшы, «Ленин» шахтасынан 19 жұмысшы жер бетіне шыққанын айтады.

«13 желтоқсанның таңындағы жағдай бойынша, өткен түні сыртқа 154 кенші шықты. Бұдан өзге, әлеуметтік желілерде Шахтинск аймағында адамдардың тұтқындалғаны туралы ақпараттар пайда болды. Бұған қатысты Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Шахтинскіде ешкім ұсталмағанын және қамалмағанын мәлімдейді. Полиция азаматтарды арандатуға бой алдырмауды сұрайды» делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.

Сонымен қатар әлі бірнеше жүз кенші жер бетіне көтерілуден бас тартып, өздері қойған шарттарының орындалуын талап етіп отырғандықтан келіссөз әлі жалғасып жатқаны хабарланды.

ОҚЫҢЫЗ: Ереуілге шыққан кеншілер «қайтпауға бекінген»

Кеншілер компания басшылығына бірнеше талап қойып отыр. Олардың ең негізгілері арасында жалақыны 100 пайызға өсіру, еңбекке жарамсыздық парағы бойынша төлемді 100 пайызға дейін толық төлеу, өзге тарифтерді төлеу, шахталардың материалдық-техникалық базасын жақсарту талабы бар.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.