Астана қалалық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің басшысы Бақытжан Малыбаев жазда өткен халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында қаладан 200-ге жуық үй-күйі жоқ кезбенің шығарылғанын жария қылды. Бұл туралы Малыбаев тұрғындармен есептік кездесуінде айтты. Кездесуде тұрғындар күн суытқалы бері қалада үй-күйсіз кезбелердің көбейіп кеткенін айтып, шағымданған.

«Жазда ЭКСПО қарсаңында біз 200-дей адамды тым болмаса көрінбесін деп Ақмола және Қарағанды облыстарындағы емдеу мекемелеріне жөнелттік. Бірақ енді Қазақстанда ЭКСПО өте ме, өтпей ме оны ешкім білмейді. Еліміздің беделі үшін біз үй-күйсіз кезбелердің құқығы мен мүдделеріне нұқсан келтірмеуіміз керек» деді Малыбаев.

Ол үй-күйсіз кезбелердің Астанаға аймақтардан келгенін, полиция оларды бейімдеу орталықтарына апаратынын, бірақ олардың ол жерде тұрғысы келмейтінін айтты.

Биыл жаздың басында әлеуметтік желілерде «Астанадағы үй-күйсіз жүрген кезбелердің Қарағанды, Көкшетау және Петропавлға жөнелтілгені» туралы ақпарат тараған. Ол кезде Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының ішкі істер департаменттері бұл ақпаратты жоққа шығарған.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.