Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz – Бұрынғы Facebook-тың топ-менеджері әлеуметтік желілер қоғамды бұзып жатқандығын айтып, компанияны сынға ұшыратты. Оның пікірінше, Facebook арқылы көптеген адамдарға қалағаныңды жасатуға болады.

Facebook компаниясының бұрынғы жетекшісі Чамат Палихапития әлеуметтік желілер қоғам жұмысының механизмін бұзады деп мәлімдеді. Бұл мәлімдеме Стэнфорд жоғарғы бизнес мектебіне берген сұхбатында жасалды.
«Біз құрастырған кері байланыс циклдары қоғамның жұмысын бұзатын болды. Азаматтық дискурс жоқ. Ынтымақтастық жоқ. Жалған ақпарат. Ақиқатты бұрмалау. Бұл Америка проблемасы емес. Сондай-ақ, бұл ресейлік жарнама туралы емес. Бұл жаһандық проблема. Сондықтан біз қазіргі кезде өте қиын жағдайға тап болып отырмыз», – деді Палихапития. «Кері байланыс циклдары» әлеуметтік желілердегі лүпілдер, репосттар, пікірлер және басқа да жылдам әрекет ету құралдары ретінде түсіндіріледі.

Палихапития Facebook-ке 2007 жылы қосылып, пайдаланушылардың санын ұлғайту үшін вице-президент болуға көшті. Енді ол осындай компанияны құруға көмектескені үшін өзін кінәлі сезінетін көрінеді.

«Менің ойымша, біз қоғамды бөліп тастайтын құралдарды жасадық», – деп мойындады Палихапития. Ол аудиторияға әлеуметтік желілерден ұзақ үзіліс жасауды ұсынды.

Палихапития Facebook-ты ғана емес, бүкіл экожүйені сынға алды. Атап айтқанда, ол Үндістандағы соңғы оқиға туралы мысал келтірді. 2017 жылдың мамыр айында WhatsApp арқылы бала ұрланғаны туралы жалған ақпарат таратқаннан кейін, Джаркханд штатындағы кішкентай ауыл тұрғындары жеті кінәсіз адамды жазалаған.

«Міне, біз осындай жағдайларға тап болып жүрміз. Енді, ойлаңыздар, бұл шектен шыққандық. Бір топ адамды өз сөзімен арбап, қалағанын жасатып жүргендер қаншама. Бұл өте қорқынышты, әрі жаман жағдай», – дейді Палихапития. Ол өзі де Facebook-ті барынша аз қолданатынын білдірді. Тіпті, балаларына оны қолдануға тыйым салдырғанын айтып өтті.

Запись Facebook-тың бұрынғы вице-президенті әлеуметтік желі қоғамды бұзып жатқанын айтты впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.