Тәжікстан билігі тәжік-ауған шекарасындағы Пяндж өзеніндегі бес көпірді және тексеру және өткізу пунктерінің бірін жапты. Шекара бойындағы Таулы Бадахшан автономиялық облысы мен Шамсиддини Шохин ауданындағы базарлар бос тұр. Фархор ауданының Кокул елді мекеніндегі тексеру және өткізу бекеті арқылы көлік қозғалысы тоқтатылды.

Хатлон облысы әкімшілігінің хабарлауынша, Ауғанстанмен шекараның негізгі бөлігі — Шамсиддини Шохин ауданынан Таулы Бадахшанға дейінгі аралық қауіпсіздік мақсатында уақытша жабылған.

Ауғанстанның Бадахшан уәлаятының губернаторы Ахмад Файсал Бекзод 13 желтоқсанда Тәжікстанмен шекараның жабылғанын растады. «Біз қазір тәжіктермен шекараны ашу үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бұл жергілікті тұрғындар үшін өте маңызды. Әдетте біз азық-түлікті Тәжікстаннан ғана сатып аламыз» деді ауған шенеунігі.

Бірақ Тәжікстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара әскері бас басқармасының баспасөз хатшысы Мұхаммед Улугходжаев биліктен тәжік-ауған шекарасының бір бөлігін жабу туралы ешқандай ресми бұйрық түспегенін мәлімдеді.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.