Қазақстан Конституциялық кеңесінің бұрынғы төрағасы Игорь Рогов Қазақстан тұңғыш президенті қоры атқарушы директорының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы бейсенбіде осы қордың баспасөз қызметі хабарлады. «Әлеуметтік жобалар мен азаматтық бастамаларды дамытуды» мақсат еткен қор 2000 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған.

Осы апта басында президент Назарбаев Конституциялық кеңестің төрағасы қылып 63 жастағы Қайрат Мәмиді тағайындаған. Мәми бұл қызметке келмей тұрып бірнеше жыл Жоғарғы сот төрағасы болған.

 

67 жастағы Игорь Рогов әр жылдары Қазақстан президентінің көмекшісі, кеңесшісі, әділет министрі қызметтерін атқарған, 2004 жылы Конституциялық кеңестің төрағасы қызметіне тағайындалып, 2010 және 2016 жылдары осы қызметіне қайта бекітілген.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.