Ресей президенті Владимир Путин БАҚ өкілдерімен дәстүрлі баспасөз конференциясында 2018 жылы өтетін президент сайлауына өзін-өзі ұсынатынын мәлімдеді. Өзін президенттікке ұсынудағы мақсаты туралы сауалға Путин «болашаққа ұмтылған Ресей» елін құрғысы келетінін және инфрақұрылымды, денсаулық сақтау мен білім беру салаларын дамыту қажетін айтты.

65 жастағы Владимир Путин Ресейді 1999 жылдың соңынан бері басқарып келеді. Ол 13 жыл президент қызметін, төрт жыл премьер-министр қызметін атқарды. Желтоқсанда Путин төртінші рет президент сайлауына түсу ниеті барын мәлімдеген.

2018 жылы 18 наурызда өтетін сайлауға сонымен қатар оппозиционер Алексей Навальный да түспек болып еді, бірақ Орталық сайлау комиссиясы оған сот айыптау үкімін шығарғанын айтып, сайлауға түсе алмайтынын ескертті. Бірақ ол соған қарамастан аймақтарда халықпен кездесіп, сайлауалды бағдарламасын насихаттап жүр.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.