Астана. 14 желтоқсан. 7kun.kz – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен Қынтаев Сахит Жақсымбетұлы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директоры лауазымына тағайындалды. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қынтаев Сахит Жақсымбетұлы 1966 жылы 15 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген.
Гидромелиоративтік техникумды және Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.
1998-2000 жылдары Түлкібас орман шаруашылығының аңшылық инженері.
2000-2003 жылдары ОҚО табиғи биоресурстар аумақтық басқармасының Бадам орман және жануарлар дүниесі қорғау мекемесінің жетекші маманы.
2003-2007 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасының бас маманы.
2007-2017 жылдары Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Түлкібас филиалының директоры.
2007 жылдан бері Түлкібас аудандық мәслихатының депутаты.

Айта кетейік, Қазақстан аумағында количество 12 Мемлекеттік Ұлттық табиғи парк бар.

Запись Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық паркіне жаңа бас директор тағайындалды впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس