АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин 14 желтоқсанда телефонмен сөйлесті. Кремльдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, президенттер екі жақты қарым-қатынас мәселелерін, Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы проблемасын талқылады.

Ақ үй Трамп пен Путиннің телефонмен сөйлескенін растағанымен, екеуара әңгімеде нендей жайттар сөз болғанын айтпады.

Екі ел президенттері Владимир Путин 14 желтоқсанда БАҚ өкілдерімен өткізген дәстүрлі баспасөз конференциясынан кейін сөйлесіп отыр. Конференцияда Путин Трамптың президент ретіндегі іс-қимылын жоғары бағалап, Дональд Трамп айналасындағы адамдардың Кремльге жақын адамдармен «астыртын сөз байласқаны» туралы болжамды «шпиономания» деп атады.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.