Алматы. 15 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстанның Тәуелсіздігі күні қарсаңында «Эйр Астана» 2017 жылы 4 миллионыншы жолаушыны тасымалдады. Бұл компания тарихындағы рекордтық жылдық көрсеткіш.

Жалпы 2017 жылы «Эйр Астана» 4,2 млн жолаушыны тасып, 2016 жылғы көрсеткіштен 12 пайыз аспақ. Жолаушы тасқыны көбінесе 2017 жылғы маусым мен қыркүйек аралығында ЭКСПО-2017 дүниежүзілік көрме өткен күндері Астанаға келген халықаралық жолаушы есебіне өсті.

Сондай-ақ, «Эйр Астана» тасымал көлемін Астанадан Лондон, Бейжің, Ыстамбұл, Санкт-Петербург, Новосибирск, Екатеринбург, Омбы, Тбилиси, Ташкент, Бішкек, Бангкок және Сеул қалаларына ұшу жиілігін ұлғайту арқасында арттырды. Маусымда Астана-Дели тікелей рейсі ашылып, Астанадан Киевке рейс қайта басталған. Қосымша жиіліктер Алматыдан Санкт-Петербург және Тегеран қалаларына қосылған.

Запись «Эйр Астана» 2017 жылы 4 миллионыншы жолаушыны тасымалдады впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.